Тәрбие сағаты
Жемқорлық – ғасыр дерті
Мақсаты:
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ - жауап, видеоролик
Барысы:
Көрме ұйымдастыру:
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд №1)
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. (Слайд №2)
1 - жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2 - жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде - бір мемлекеті, бірде - бір саяси жүйе, бірде - бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н. Ә. Назарбаев. (Слайд №3)
1 - жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)
“Сыбайлас - жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
2 - жүргізуші. Келесі кезекте бейнероликке берсек (Слайд №5, 6)
Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?
//видео
2 - жүргізуші: ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “... мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай - ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. (Слайд №7)
1 - жүргізуші:
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
(Слайд №8)
2 - жүргізуші: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: (Слайд №9, 10)
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
// ВИКТОРИНА (Слайд №11 - 21)
2 - жүргізуші. Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру: (Слайд №23)
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
Тренинг (Слайд №24)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы сахналау керек.
1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.
2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.
3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Бірақ оны бір айдан кейін ала аласыз. Сіздің әрекетіңіз.
Литмонтаж
1 Аймұрат
1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.
2 – Райымбек
Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.
3 – Рамазан
Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.
4 – Жанарыс
Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабық қой анық, «Қазақстан - 2050»- айқын жол, Күресейік, жемқорлықты жояйық.
5 - Тоқтар
Әр ата - ана өнеге берсін балаға, тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең, Жолдан таймас ар болған соң санада.
6 - Саят
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
Сабақты қорытындылау:
Бүкіл әлемге өзінің бір тұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.